ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Максим Сажнев Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан құрамасының жеңіл атлеті Максим Сажнев АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды.
Диск лақтырудан іріктеу кезеңінде қазақстандық спортшы 61,37 метр нәтиже көрсетіп, U20 жас санатындағы Қазақстан рекордын жаңартты.
Бұл көрсеткіш Максим Сажневке іріктеу кезеңінде алтыншы орын алып, әлем чемпионатының финалына шығуға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, диск лақтырудан жүлделер 9 тамызда сарапқа салынады. Қазақстандық жеңіл атлет әлемнің үздік жас спортшыларымен бірге чемпионат медальдары үшін бақ сынайды.



