ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Арлан Жаңабай Түркістандағы Азия кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Түркістан қаласында триатлоннан Азия кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай ерлер арасындағы жарыста күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жарыс жолын 1 сағат 47 минут 07 секундта аяқтап, екінші орынға тұрақтады. Алтын медальды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев (1:46:38) иеленсе, Жапония өкілі Рен Сато (1:47:23) қола жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы сапындағы өзге спортшылардың нәтижелері:

  • Темірлан Теміров – 9-орын;
  • Дарын Қонысбаев – 12-орын;
  • Елмұрат Қанай – 23-орын;
  • Максим Шмулич – 29-орын;
  • Әлінаби Маралбеков – 35-орын.

Әйелдер арасындағы жарыста қазақстандықтар сапындағы ең үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 2 сағат 14 минут 43 секунд нәтижемен сегізінші орынға ие болды. Сонымен қатар Арина Шульгина 12-орынға, Аида Ким 13-орынға тұрақтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button