
Қазақстандық жүзгіштер АҚШ-тың Гринсборо қаласында өткен халықаралық турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 17 медаль салды. Ұлттық құрама 13 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алды.
София Абубакирова жарыстың басты қаһармандарының бірі болды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алып, 50 метрге шалқалап жүзуде қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар 4×50 метрге еркін стильдегі, 4×100 метрге еркін стильдегі және 4×50 метрге аралас эстафеталар құрамында да чемпион атанды.
Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде жеңімпаз атанса, 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс, ал 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола медаль иеленді. Сондай-ақ ол 4×50 метрге еркін стильдегі, 4×100 метрге еркін стильдегі және 4×100 метрге аралас эстафеталарда алтын жүлде жеңіп алды.
Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуде үздік атанып, бұған қоса 4×50 метрге еркін стильдегі және 4×50 метрге аралас эстафеталарда алтын медаль еншіледі.
Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды. Сонымен бірге ол 4×50 метрге еркін стильдегі және 4×50 метрге аралас эстафеталарда жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Осылайша Қазақстан құрамасы Гринсбородағы халықаралық турнирді 17 медальмен аяқтап, халықаралық аренадағы кезекті табысты нәтижесін тіркеді.



