
Лондондық «Челси» Аустралиядағы маусым алдындағы алғашқы жолдастық кездесуінде «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңді.
Кездесуде «Челси» сапынан қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев есеп ашса, кейін Дарио Эссугу мен Джейми Гиттенс те мергендер қатарына қосылды. Ал Жоао Педро хет-трик авторы атанып, командасының ірі жеңісіне зор үлес қосты.
Ойын барысында екі команда да шабуылда белсенділік танытып, жанкүйерлер он голдың куәсі болды. Маусым алдындағы дайындық аясындағы бұл матч «Челсидің» шабуыл әлеуетін тағы бір мәрте көрсетті.
Лондондық клуб келесі жолдастық кездесуін 1 тамызда Англияның тағы бір өкілі «Тоттенхэмге» қарсы өткізеді.



