БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан бадминтоннан Түркиядағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен Navek Turkey International 2026 халықаралық бадминтон турнирінде жүлдеге қол жеткізді.

U19 жас санатындағы әйелдер арасындағы жұптық сайыста Алиса Кулешова мен Диана Наменова қола медаль иеленді. Қазақстандық спортшылар турнир барысында жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, жүлдегерлер қатарына енді.

Ширек финалда отандастарымыз Түркия өкілдері Гүлсү Демирбелек пен Элиф Наз Сискиноглуды жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Алайда финалға берілетін жолдаманы сарапқа салған кездесуде қазақстандық жұп түркиялық Айсу Арслан мен Ниса Нур Чименге есе жіберді. Соған қарамастан Алиса Кулешова мен Диана Наменова турнирді қола жүлдемен аяқтап, Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті халықаралық медальді салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button