
Қазақстандық үстел теннисшілері Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде тағы екі жүлдеге қол жеткізді. Бұл жолы отандастарымыз U13 жас санатында үздіктер қатарынан көрінді.
Дулат Ералхан жарыстың финалына дейін сәтті жетіп, шешуші кездесуде Өзбекстан өкілі Амир Шириевке есе жіберді. Осылайша қазақстандық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Ал осы жас санатында өнер көрсеткен Олег Яковлев қола медальді жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде салды.
Еске салсақ, бұған дейін WTT Youth Contender турнирінде Олег Яковлев пен Мария Лукьянова U15 жас санатындағы аралас жұптық сында қола жүлдеге ие болған еді. Қазақстандық жас спортшылар халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына медальдар санын арттыруда.


