ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Әлемдік футбол сарапшылары KFF Football Conference 2026 «Батыр жолы» конференциясына қатысады

5 тамыз күні Астанада өтетін KFF Football Conference 2026 «Батыр жолы» конференциясында әлемдік футболдағы беделді мамандар бас қосады. Форумда футболды дамыту, жаттықтырушыларды даярлау, скаутинг және ойыншыларды тәрбиелеудің заманауи тәсілдері талқыланады.

Конференцияның негізгі спикерлерінің бірі – УЕФА-ның техникалық кеңесшісі Фрэнк Людольф. Ол үш онжылдыққа жуық уақыт бойы Еуропада жаттықтырушыларды даярлау және техникалық даму бағытында еңбек етіп, УЕФА-ның бірыңғай жаттықтырушылық білім беру жүйесін қалыптастыруға үлес қосқан.

Сондай-ақ форумға FIFA сарапшысы, Лондонның «Арсенал» клубының бұрынғы футболшысы Стив Морроу қатысады. Ол «Арсенал», Англия футбол қауымдастығы (The FA) және FIFA жобаларында жұмыс істеп, скаутинг пен таланттарды анықтау саласында мол тәжірибе жинақтаған.

Конференцияда сөз сөйлейтін тағы бір маман – УЕФА және FIFA сарапшысы Аарон Бриггс. Ол әр жылдары «Манчестер Сити», «Монако», «Вольфсбург» және «Ливерпуль» клубтарында қызмет атқарып, тактикалық дайындық, ойыншыларды дамыту және ойын моделін қалыптастыру бағытында жұмыс істеген.

Форум барысында халықаралық сарапшылар ұлттық футболды дамыту, жас ойыншыларды даярлау, скаутинг жүйесін жетілдіру, жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру және заманауи футболдың басты үрдістері жөнінде тәжірибелерімен бөліседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button