БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Артем Матусевич академиялық ескек есуден әлем чемпионатының финалына шықты

Германияның Дуйсбург қаласында өткізіліп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич сәтті өнер көрсетіп жатыр.

Отандасымыз жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сұрыптау бойынша (LM1x) жартылай финалда 07:07.75 уақыт көрсеткішін тіркеді. Өз тобында екінші орынға табан тіреген ол жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.

Аталған бағдарлама бойынша финалдық жарыс 26 шілде күні өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button