БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан әлем чемпионатында қозғалмалы нысанаға оқ атудан алтын және қола медаль жеңіп алды

Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан қозғалмалы нысанаға оқ атудан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары кезекті табысқа қол жеткізді. Ұлттық команда қоржынына бір алтын және бір қола медаль түсті.

10 метр қашықтықтан қозғалмалы нысанаға оқ атудан Фатима Ирназарова әлем чемпионы атанды. Финалда қазақстандық мерген Украина өкілі Виктория Рыбовалованы жеңіп, жарыстың алтын жүлдесін иеленді.

Ал Зухра Ирназарова қола медальға қол жеткізді. Үшінші орын үшін өткен кездесуде ол Венгрия спортшысы Бьянка Барбара Фаркашне Кецелиден басым түсті.

Айта кетейік, Таллинде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бұған дейін жасөспірімдер арасында Валат Мусаев әлем чемпионы атанса, енді ересектер додасында Фатима Ирназарова алтын, Зухра Ирназарова қола медаль жеңіп алып, ұлттық құраманың жетістігін толықтырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button