Қазақстан ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына құрамасын жариялады

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтетін жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады. Құрлық біріншілігі 7–14 тамыз аралығында өтеді.
Ел намысын ерлер арасында Бейбарыс Ерсейіт, Жанасыл Арапбай, Төрехан Асанхан, Ерсұлтан Тұрсынбеков, Омар Рамазан, Ернұр Мырзахмет, Нұрасыл Арапбай, Ерасыл Сәулебеков, Ақжол Құрманбек, Әлихан Әскербай, Біржан Зейдін, Ерсұлтан Бақытбек, Александр Караваев және Сағынбек Самарқан қорғайды.
Қыздар құрамасына Виктория Мурашкина, Нұрсыйла Берікбол, Снежана Кашкарова, Ксения Прозорова, Инсана Рашидова, Дарья Балабаюк, Кира Данилова, Эвелина Штайнбрекхер, Алтынай Тәңібергенова, Аянат Жұмағали, Айғаным Жанболат және Сания Орманбаева енгізілді.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қосалқы тізімінде Мұхамедәлі Қойшыбек, Нұржан Жұмабай, Әбдірахым Әбдіжапаров, София Зоткина, Регина Никифорова, Маргарита Ермакова және София Шешукова бар.
Айта кетейік, Ташкентте өтетін Азия чемпионатында құрлықтың үздік жас ауыр атлеттері жүлделерді сарапқа салады. Қазақстан құрамасы да бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға таласады.



