
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өтіп жатқан таеквондодан халықаралық турнирде Қазақстанның жастар құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы 21 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрама еншісінде жеті алтын, алты күміс және сегіз қола жүлде бар.
Турнир жеңімпаздары атанғандар қатарында Шахризода Акрамова (44 келіге дейін), Нұрайлым Бақытжанқызы (55 келіге дейін), Любовь Юн (68 келіге дейін), Азим Талғатов (45 келіге дейін), Алинұр Еркін (59 келіге дейін), Наурызбек Нұрғазиев (68 келіге дейін) және Аманай Құралбаев (78 келіден жоғары) бар.
Күміс медальдарды Аяру Есенғали (42 келіге дейін), Сабина Туртулова (68 келіден жоғары), Бағдат Амангелдиев (48 келіге дейін), Павел Эм (63 келіге дейін), Тимур Рахпанов (73 келіге дейін) және Жантөре Сағынғали (78 келіге дейін) иеленді.
Қола жүлдеге Элеанора Шералы (55 келіге дейін), Жанна Палмахова (55 келіге дейін), Милана Мұханова (59 келіге дейін), Аяжан Таңжарық (63 келіге дейін), Нурила Жарас (68 келіге дейін), Аяна Жетес (68 келіге дейін), Марсело Лопес Тілеубай Әбділ (63 келіге дейін) және Бекбау Махамбетәлі (78 келіге дейін) қол жеткізді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Чхунчхондағы халықаралық турнирді жеті алтын, алты күміс және сегіз қола медальмен аяқтап, халықаралық аренадағы жоғары нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.



