
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнирде қазақстандық Жәмила Бақбергенова күміс медаль иеленді.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыс айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылды. Қазақстандық балуан алғашқы белдесуінде Қырғызстан өкілі Кайыргүл Шаршебаеваны жеңіп, кейін үндістандық Дикша Маликтен басым түсті.
Алтын медаль тағдыры шешілген кездесуде Жәмила Польша спортшысы Виктория Холуйге жол беріп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Халықаралық рейтингтік турнир 19 шілдеде де жалғасады. Бұл күні грек-рим күресінен қалған салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады.



