
11–17 тамыз аралығында Шымкент қаласында 15 жасқа дейінгі қыздар құрамалары арасында халықаралық УЕФА Даму турнирі өтеді.
Биылғы додаға Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Беларусь құрамалары қатысады. Турнир айналым жүйесі бойынша ұйымдастырылып, әр команда барлық қарсыластарымен кездеседі.
УЕФА Даму турнирі – жас футболшылардың шеберлігін шыңдауға арналған халықаралық жоба. Бағдарлама қатысушыларға халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға, түрлі футбол мектептерінің өкілдерімен күш сынасуға және ұлттық құрама сапындағы бәсекелестік ортада дамуға мүмкіндік береді.
Турнирдің матчтар кестесі мен өзге де қосымша ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.



