КҮРЕСТРЕНДТЕ

Дінмұхаммед Қошқар Будапешттегі рейтингтік турнирде қола жүлдегер атанды

Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дінмұхаммед Қошқар қола жүлде үшін өткен белдесуде Армения өкілі Славик Галстяннан басым түсіп, турнирдің қола медалін жеңіп алды.

Әйелдер күресінде 59 келіге дейінгі салмақта Алтын Шағаева қола медаль үшін өткен кездесуде норвегиялық Отелия Хёйеге жол берді. Ал 62 келіге дейінгі салмақта Ирина Кузнецова үндістандық Савитамен болған қола жүлде үшін белдесуде жеңіліп қалды.

Халықаралық рейтингтік турнир бүгін де жалғасады. 18 шілдеде әйелдер күресінің қалған салмақ дәрежелерінде жүлделер сарапқа салынады. Сонымен қатар грек-рим күресінен 72 және 87 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде балуандар бозкілемге шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button