ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Диана Ержанова жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде топ жарды

Румынияның Изворани қаласында өтіп жатқан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы кезеңінде қазақстандық Диана Ержанова алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз жарыс қашықтығын 35 минут 41 секундта бағындырып, мәреге бірінші болып жетті. Осы нәтижемен ол турнир жеңімпазы атанды.
Күміс жүлде румыниялық Тунде Кришанға (35:48) бұйырса, италиялық Элис Вентре (35:50) қола медаль иеленді.
Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да жоғары нәтиже көрсетті. Алуа Нұрмұхамет жарысты бесінші орынмен аяқтаса, Калерия Шнайдер алтыншы болды. Ал Аида Ким тоғызыншы нәтиже көрсетті.



