
Қазақстанның ерлер құрамасы Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрама жартылай финалда алаң иелері – Италия құрамасымен кездесіп, 23:13 есебімен айқын жеңіске жетті.
Финалда қазақстандық гандболшылар Ливия құрамасына қарсы ойнап, 28:23 есебімен басым түсті. Осылайша Қазақстан құрамасы турнирдің бас жүлдесін иеленді.
Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша Ливия құрамасы күміс жүлдегер атанса, Бельгия командасы үшінші орынға тұрақтады.
Қазақстан құрамасының бұл жеңісі халықаралық аренадағы маңызды жетістіктердің бірі болды.



