
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан командалық Әлем кубогы басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның ерлер құрамасы сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық спортшылар ширек финалда Марокко құрамасын 2:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда Ресей командасынан 2:1 есебімен басым түсті.
Финалда ұлттық құрама Қытай спортшыларымен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп, турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.
Қазақстан құрамасының сапында Мақсат Орынбасар, Абдурахмон Марипов, Ануар Мұхаметкәрімов және Батырхан Кусетов өнер көрсетті.
Айта кетейік, Чхунчхонда өтіп жатқан командалық таеквондодан Әлем кубогы 16 шілдеде мәресіне жетеді.



