КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар Испаниядағы Гран-приде 24 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Испанияның Мадрид қаласында өткен күрестен халықаралық Гран-при турнирінде табысты өнер көрсетіп, жалпы саны 24 медаль еншіледі.

Еркін күресте қазақстандық спортшылар үш алтын, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.

Чемпион атанғандар қатарында Дәулет Әмірханов (57 келіге дейін), Нұрлыбек Базарбаев (61 келіге дейін) және Жанқожа Әбілтаев (70 келіге дейін) бар.

Күміс жүлдені Ерасыл Мұхтарұлы (57 келіге дейін), Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін), Акбар Курбанов (65 келіге дейін) және Шерхан Әбіл (70 келіге дейін) иеленді.

Қола медаль Жанболат Қабиден (70 келіге дейін), Талап Жолдасов (70 келіге дейін), Арсен Қабден (74 келіге дейін) және Наурыз Ахмедхановқа (86 келіге дейін) бұйырды.

Грек-рим күресінде Қазақстан құрамасы екі алтын, бес күміс және алты қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені Едіге Төлеутаев (55 келіге дейін) пен Ілияс Дәуітов (63 келіге дейін) иеленді.

Күміс медальға Айбат Рахим (55 келіге дейін), Жанболат Сапарбек (60 келіге дейін), Досжан Өтепқалиев (63 келіге дейін), Дінмұхамед Омаров (72 келіге дейін) және Әлмір Төлебаев (82 келіге дейін) қол жеткізді.

Қола жүлдені Омар Ахон (60 келіге дейін), Шыңғыс Қайрат (63 келіге дейін), Николай Хапко (72 келіге дейін), Расул Жүніс (77 келіге дейін), Санжар Сабитов (82 келіге дейін) және Аянбек Ибраев (97 келіге дейін) еншіледі.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Мадридтегі халықаралық Гран-при турнирін 5 алтын, 9 күміс және 10 қола, жалпы 24 медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button