ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Максим Балабин жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Балабин Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Сырықпен секіру сайысында өнер көрсеткен отандасымыз 5,05 метр нәтижені бағындырып, жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Бұл бағдарламада алтын медальді Қатар өкілі Сейфелдин Абдельсалам 5,45 метр көрсеткішпен жеңіп алса, күміс жүлде 5,20 метр нәтижемен Қытай спортшысы Жуй Люге бұйырды.

Сонымен қатар әйелдер арасындағы 400 метрге жүгіруде Мария Шувалова төртінші, Анна Шумило алтыншы орынға ие болды. Ал 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Екатерина Колода бесінші, Анастасия Цвиркунова алтыншы болып мәреге жетті.

Айта кетейік, жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты 12 шілдеде аяқталады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button