ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Ясмина Тоқсанбаева жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында кезекті жүлдесіне қол жеткізді.

20 шақырымдық спорттық жүріс сайысында өнер көрсеткен Ясмина Тоқсанбаева 1:41:26 уақыт нәтижесімен мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды.

Осы бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшы Эльмира Калимуллина бесінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді Қытай өкілі Нин Цзиньлинь 1:38:24 нәтижемен жеңіп алды. Күміс жүлде оның командаласы Доу Маоцоға бұйырды. Ол жарысты 1:39:01 уақытпен аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль бар. Бұған дейін Анастасия Рыпакова күміс жүлдеге ие болса, Максим Балабин қола медаль жеңіп алған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button