ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Екі қазақстандық спортшы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының екі өкілі 400 метрге жүгіруден финалға шықты.
Мария Шувалова іріктеу кезеңінде 53,05 секунд нәтиже көрсетіп, өз тобында үшінші орын алды. Бұл көрсеткіш оған ақтық сынға жолдама алуға мүмкіндік берді.
Осы қашықтықта өнер көрсеткен Анна Шумило да финалға өтті. Ол 54,60 секунд уақыт көрсетіп, жалпы есепте жетінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, 400 метрге жүгіруден медальдар сарапқа салынатын финалдық жарыс 11 шілдеде өтеді.



