ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Астана» сырт алаңда жеңіске жетті

«Астана» УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Албанияның «Динамо Сити» командасын сырт алаңда 1:0 есебімен жеңді.

Кездесудің бірінші таймында командалар есеп аша алған жоқ. Үзілістен кейін де тартысты өткен матчтың тағдырын бір ғана гол шешті.

69-минутта Марин Томасовтың нәтижелі пасынан кейін Рамазан Кәрімов қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Астанаға» жеңіс сыйлады.

Осылайша, елордалық клуб алғашқы кездесуде минималды есеппен басым түсіп, келесі кезеңге өту жолында маңызды басымдыққа ие болды.

Қос команда арасындағы қарымта кездесу 16 шілдеде Астанада өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button