ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Анастасия Рыпакова жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Ұзындыққа секіру сайысында өнер көрсеткен Анастасия Рыпакова 6,11 метр нәтижемен күміс медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш оған құрлық біріншілігінің вице-чемпионы атануға мүмкіндік берді.

Осы бағдарламада сынға түсуі тиіс тағы бір қазақстандық спортшы Диляра Хайбуллина жарысқа қатысқан жоқ.

Алтын медальді Қытай өкілі Инъин Хуан жеңіп алды. Ол 6,48 метрге секірді. Қола жүлде 6,10 метр нәтижемен вьетнамдық Ха Тхи Тхюи Хангқа бұйырды.

Осылайша, Анастасия Рыпакова Қазақстан құрамасының жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы медалін ел қоржынына салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button