
Қазақстанның «Елімай» клубы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Арменияның «Алашкертімен» 1:1 есебімен тең түсті.
Кездесудің алғашқы бөлігінде командалар есеп аша алмады. Екінші таймның 60-минутында Әшірбек мергендік танытып, семейлік ұжымды алға шығарды.
Алайда матчтың аяқталуына аз уақыт қалғанда алаң иелері таразы басын теңестірді. 86-минутта Тертерян гол соғып, «Алашкертті» жеңілістен құтқарды.
Осылайша, алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Қос команда арасындағы қарымта матч 16 шілдеде Семейде өтеді.



