ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Екатерина Пузырева жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қытайдың Ордос қаласында жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасының спортшысы Екатерина Пузырева 100 метрге жүгіру сынында финалға шықты.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық жеңіл атлет 12,31 секунд нәтиже көрсетіп, жалпы есепте жетінші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш оған финалдық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік берді.
100 метрге жүгіруден медальдар сарапқа салынатын финалдық жарыс Астана уақытымен сағат 19:35-те өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер Екатерина Пузыреваның жүлде үшін таласына куә болады.



