
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасуда. 8 шілдеде U23 санатындағы әйелдер арасында ширек финалдық жекпе-жектер өтіп, қазақстандық төрт боксшы жартылай финалға жолдама алды.
48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева, 51 келіге дейінгі салмақта Анита Адишева, 57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек және 60 келіге дейінгі салмақта Аяжан Ермек қарсыластарын жеңіп, жүлде үшін күресті жалғастырады.
Ал 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сымбат Әлиасқар мен 65 келіге дейінгі салмақтағы Аружан Жаңабаева ширек финалда жеңіліп, жарысты аяқтады.
Айта кетейік, U23 жас санатындағы жартылай финалдық кездесулер 12 шілдеде өтеді.



