ТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайрат» Чемпиондар лигасын жеңіспен бастады

Алматының «Қайраты» УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Черногорияның «Сутьеска» клубын 2:1 есебімен жеңді.

Кездесудің алғашқы таймында командалар есеп аша алмады. 33-минутта алматылықтар қарсылас қақпасын дәл көздегенімен, VAR жүйесі офсайдты тіркеп, гол есепке алынған жоқ.

Екінші таймда «Қайрат» шабуылын үдетіп, 74-минутта алаңға шыққан 18 жастағы Исмаил Бекболат ойынға серпін қосты. Араға екі минут салып, ол Лукас Африкоға нәтижелі пас шығарып, бразилиялық шабуылшы есеп ашты.

Алайда негізгі уақыттың 90-минутында «Сутьеска» сапындағы Мрвальевич таразы басын теңестіріп, матчтың тағдыры тең аяқталатындай көрінді.

Дегенмен төреші қосқан үшінші минутта «Қайрат» жеңісті жұлып әкетті. Исмаил Бекболаттың кезекті нәтижелі пасынан кейін Гуаль жеңіс голын соғып, алматылық клубқа 2:1 есебімен маңызды жеңіс сыйлады.

Осылайша, Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізген Исмаил Бекболат екі нәтижелі пас авторы атанып, матчтың басты қаһармандарының біріне айналды.

Енді қос команда арасындағы қарымта кездесу 15 шілдеде Черногорияда өтеді. Жеңімпаз Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button