ТРЕНДТЕФУТБОЛ

ҚПЛ: 16-тур аяқталды, турнир кестесінде көшбасшылар өз орындарын сақтап қалды

Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры мәресіне жетті. Тур аясында сегіз матч өтіп, көшбасшылар кезекті жеңістеріне қол жеткізді.

Турдың ең ірі жеңісін «Қайрат» тіркеді. Алматылық клуб өз алаңында «Оқжетпесті» 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, чемпиондық додадағы мүмкіндігін арттырды. «Астана» болса елордалық кездесуде «Жеңісті» 1:0 есебімен ұтты.

Өскеменнің «Алтайы» өз жанкүйерлері алдында «Тобылды» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, «Елімай» сырт алаңда «Қызылжарды» дәл осындай есеппен жеңді.

«Ақтөбе» өз алаңында «Жетісуды» 2:1 есебімен жеңсе, турдың күтпеген нәтижелерінің бірінде «Каспий» қонақта «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті.

Турдың соңғы ойындарында «Ордабасы» «Ұлытауды» 1:0 есебімен жеңіп, көш басындағы орнын сақтап қалды. Ал «Қайсар» мен «Ертіс» арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

16 турдан кейін «Ордабасы» 40 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Екінші орында 39 ұпайы бар «Қайрат» келеді. Үздік үштікті 27 ұпаймен «Оқжетпес» түйіндейді. Төртінші және бесінші орындарда 26 ұпайдан жинаған «Елімай» мен «Астана» орналасқан. Ал алғашқы алтылықты 25 ұпайы бар «Ақтөбе» қорытындылап тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button