
Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан еркін күрестен U20 жас санатындағы Азия чемпионатында қазақстандық балуандар сәтті өнер көрсетуде. Жарыстың кезекті күнінде ел құрамасының үш өкілі финалға шықса, тағы екі спортшы қола медаль үшін күреседі.
61 келіге дейінгі салмақта Бекасыл Асамбек жартылай финалда ирандық Алиасгар Солтаниді жеңіп, алтын медаль үшін өтетін белдесуге жолдама алды. Финалда оның қарсыласы үндістандық Пушп болады.
74 келіге дейінгі салмақта Нұрдәулет Сейілбеков жартылай финалда үндістандық Адарш Патилден басым түсіп, шешуші кезеңге шықты. Енді ол чемпиондық үшін ирандық Мохаммад Мамивандпен белдеседі.
92 келіге дейінгі салмақта Бейбарыс Ерғали жартылай финалда өзбекстандық Улугбек Ортиковты жеңіп, финалға өтті. Алтын медаль үшін ол түрікменстандық Довлетгельды Мурадовпен күш сынасады.
86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев жартылай финалда ирандық Аболфазл Хадживандтан жеңіліп қалды. Енді ол қола медаль үшін үндістандық Сахил Далалмен кездеседі.
125 келіге дейінгі салмақта Риза Изахар да жартылай финалдан аса алмады. Ол ирандық Аболфазл Мохаммаднежадқа жол беріп, енді қола жүлде үшін моңғолиялық Наратулга Дармаабазармен белдеседі.
Айта кетейік, U20 Азия чемпионаты Паттайя қаласында жалғасуда.



