КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық еркін күрес шеберлері U20 Азия чемпионатында үш жүлде жеңіп алды

Таиландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан U20 жас санатындағы Азия чемпионатында еркін күрестен Қазақстан құрамасы тағы үш медаль еншіледі.

70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұңқар Сейдахмет финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда шешуші белдесуде үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскарға жол беріп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов та финалға шығып, алтын медаль үшін өткен белдесуде Қытай өкілі Ян Юаньчуннен жеңіліп қалды. Осылайша ол жарысты күміс медальмен аяқтады.

79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өткен кездесуде өзбекстандық Амирбек Урдушевті жеңіп, Қазақстан құрамасының қоржынына қола медаль салды.

Айта кетейік, U20 жас санатындағы Азия чемпионаты Таиландтың Паттайя қаласында жалғасып жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button