
15-19 шілде аралығында Венгрияның Будапешт қаласында күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнир өтеді. Біріккен күрес әлемі (UWW) жарысқа қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Қазақстан құрамасы еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі бойынша барлық негізгі салмақ дәрежелерінде бақ сынайды.
Еркін күрес:
57 келіге дейін – Мейрамбек Қартбай, Мерей Базарбаев, Нұрданат Айтанов;
61 келіге дейін – Әділет Әлмұхамедов, Асыл Айтақын, Асылжан Есенгелді;
65 келіге дейін – Әділ Оспанов, Начын Куулар, Өсімжан Дастанбек;
70 келіге дейін – Майис Алиев, Олжас Олжақанов, Санжар Досжанов;
74 келіге дейін – Дархан Есенғали, Қуандық Шалдар, Нұрқожа Қайпанов;
79 келіге дейін – Нұрдәулет Қуанышбай, Шамсат Таир, Ерхан Әбіл;
86 келіге дейін – Абылайхан Үзембаев, Болат Сақаев, Рүстем Мырзағалиев;
92 келіге дейін – Азамат Дәулетбеков, Бекзат Аманғали;
97 келіге дейін – Ризабек Айтмұхан;
125 келіге дейін – Нұрсұлтан Азов, Едіге Қасымбек.
Грек-рим күресі:
55 келіге дейін – Алпамыс Дастанбек, Исхар Курбаев, Марлан Мұқашев;
60 келіге дейін – Ербол Камалиев, Ернұр Фидахметов;
67 келіге дейін – Дінмұхамед Қошқар, Мейіржан Шермаханбет, Ержет Жарлықасын;
77 келіге дейін – Қаһарман Қисметов, Тамерлан Шадукаев;
82 келіге дейін – Демеу Жадыраев;
87 келіге дейін – Нұрсұлтан Тұрсынов, Тимур Оспанов;
97 келіге дейін – Ислам Евлоев;
130 келіге дейін – Әлімхан Сыздықов, Олжас Сырлыбай.
Әйелдер күресі:
50 келіге дейін – Марал Тәңірбергенова, Зейнеп Баянова;
53 келіге дейін – Шұғыла Өмірбек;
55 келіге дейін – Айнұр Әшімова, Лаура Әлмағанбетова;
57 келіге дейін – Нилуфар Раимова, Алтын Шагаева;
59 келіге дейін – Виктория Хусаинова, Гүлдана Бекеш;
62 келіге дейін – Ирина Кузнецова, Тыныс Дүбек;
68 келіге дейін – Ирина Казюлина;
72 келіге дейін – Жәмила Бақбергенова;
76 келіге дейін – Гүлмарал Еркебаева, Эльмира Сыздықова, Алина Ертөстік.
Айта кетейік, Будапешттегі рейтингтік турнир әлемдік рейтинг ұпайлары сарапқа салынатын маңызды жарыстардың бірі саналады және оған әлемнің жетекші балуандары қатысады.



