КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстандық балуандар U20 Азия чемпионатының алғашқы күнінде үш медаль жеңіп алды

Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінен сынға түскен қазақстандық балуандар ел қоржынына екі күміс және бір қола медаль салды.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бақдәулет Тұрсынбек финалға дейін сүрінбей жетті. Алайда шешуші белдесуде Өзбекстан өкілі Огабек Аскаралиевке есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

87 келіге дейінгі салмақта Әлихан Тағаев та финалға жолдама алып, чемпиондық үшін күресті. Финалда ол Қырғызстан балуаны Муслим Мамыровқа жол беріп, жарысты күміс медальмен аяқтады.

55 келіге дейінгі салмақта Әмірмұхаммед Кабулов қола медаль үшін өткен белдесуде Қырғызстан өкілі Курманбек Алимжановты жеңіп, құрлық біріншілігінің жүлдегерлері қатарына қосылды.

Айта кетейік, U20 жас санатындағы Азия чемпионаты Паттайяда жалғасуда. Алдағы жарыс күндерінде Қазақстан құрамасының өзге балуандары да жүлделер үшін күреседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button