
Қазақстан бокс федерациясы Индонезияның Джакарта қаласында өтетін U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың құрамын жариялады.
Құрлық біріншілігі 3-16 шілде аралығында өтеді. Қазақстан намысын ерлер мен әйелдер арасындағы U19 және U23 санаттарында барлығы 40 былғары қолғап шебері қорғайды.
U23 ерлер:
- 50 келіге дейін – Нұрзат Оңғаров
- 55 келіге дейін – Бексұлтан Боранбек
- 60 келіге дейін – Нұрасыл Төлебек
- 65 келіге дейін – Асылхан Көшербай
- 70 келіге дейін – Нұрбек Мұрсал
- 75 келіге дейін – Аман Қонысбек
- 80 келіге дейін – Өнер Сейілхан
- 85 келіге дейін – Темірлан Мұқатаев
- 90 келіге дейін – Ибрагим Битаев
- 90 келіден жоғары – Аслан Елдібайұлы
U23 әйелдер:
- 48 келіге дейін – Гүлназ Бөрібаева
- 51 келіге дейін – Анита Адишева
- 54 келіге дейін – Сымбат Әлиасқар
- 57 келіге дейін – Ұлжан Сәрсенбек
- 60 келіге дейін – Аяжан Ермек
- 65 келіге дейін – Аружан Жаңабаева
- 70 келіге дейін – Азиза Исина
- 75 келіге дейін – Шұғыла Нәлібай
- 80 келіге дейін – Құралай Егінбайқызы
- 80 келіден жоғары – Панар Сейітханқызы
U19 ерлер:
- 50 келіге дейін – Әділ Асқанбай
- 55 келіге дейін – Едіге Нұрғожа
- 60 келіге дейін – Досжан Жұмақан
- 65 келіге дейін – Ақжүрек Қалабай
- 70 келіге дейін – Бибарыс Әшірбай
- 75 келіге дейін – Хамза Мақсатұлы
- 80 келіге дейін – Тимур Тайбеков
- 85 келіге дейін – Руслан Ахметов
- 90 келіге дейін – Жалғас Утебеков
- 90 келіден жоғары – Владислав Саможонов
U19 әйелдер:
- 48 келіге дейін – Мадира Жұмақан
- 51 келіге дейін – Жадыра Қалтай
- 54 келіге дейін – Марал Төлепберген
- 57 келіге дейін – Ақнұр Тұрсынғали
- 60 келіге дейін – Жасмин Абрамян
- 65 келіге дейін – Айсұлу Мұхит
- 70 келіге дейін – Камила Оспанова
- 75 келіге дейін – Алтынгүл Аймұхан
- 80 келіге дейін – Айдана Убайдуллақызы
- 80 келіден жоғары – Зарина Толыбай
Айта кетейік, Азия чемпионаты 3-16 шілде аралығында Индонезия астанасы Джакартада өтеді. Қазақстандық боксшылар құрлықтық додада барлық салмақ дәрежелері бойынша жүлделер үшін бақ сынайды.



