
Швейцарияның Ароза қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезекті кезеңі мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының спортшылары халықаралық турнирде финалдық және іріктеу жарыстарында өнер көрсетті.
Әйелдер арасындағы синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева финалға дейін жетіп, шешуші сында 47,15 ұпай жинады. Бұл нәтиже қазақстандық дуэтке жарысты алтыншы орынмен аяқтауға мүмкіндік берді.
Ерлер арасындағы жекелей сайыста Ерлан Тасмағамбетов 56,35 ұпай еншілеп, жалпы есепте 13-орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері турнир барысында жоғары деңгейдегі қарсыластармен сынға түсіп, халықаралық рейтингтік жарыста маңызды тәжірибе жинақтады.



