
Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U15 және U20 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты жалғасуда. U15 санатындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 20 медаль иеленді.
Қазақстандық балуандар құрлық біріншілігін 4 алтын, 5 күміс және 11 қола жүлдемен қорытындылады.
Еркін күрестен Азия чемпионы атағын 41 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мирас Абдыкарым жеңіп алды. Күміс медальді Бектөре Заманбек (44 келіге дейін), Әмір Серік (48 келіге дейін), Наиль Зейналов (68 келіге дейін) және Ерсұлтан Сүлеймен (75 келіге дейін) иеленді. Ал Дамир Салават (38 келіге дейін), Мадияр Абдыкарымов (52 келіге дейін), Бибарыс Түзелбаев (57 келіге дейін) және Зелимхан Цицкиев (85 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.
Грек-рим күресінде Роллан Ким (48 келіге дейін), Даниал Қанатбай (52 келіге дейін) және Ералы Мұратов (85 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алып, Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш чемпиондық қосты. Айтуған Осман (57 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болса, Берекет Исмагулов (38 келіге дейін), Райымбек Жақсылық (41 келіге дейін), Нұралы Амангелді (44 келіге дейін) және Руслан Бәкір (68 келіге дейін) үшінші орыннан көрінді.
Әйелдер күресінде Раян Жамсапқызы (46 келіге дейін), Джамиля Мехдиева (50 келіге дейін) және Эльнара Киримова (66 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Паттайядағы Азия чемпионаты 5 шілдеге дейін жалғасады.



