БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық ескек есушілер Әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды

Швейцарияның Люцерн қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарына енді.

Жеңіл салмақтағы әйелдер арасындағы жұптық есу бағдарламасында Екатерина Носкова мен Мария Чернец мәреге 7 минут 21,91 секунд нәтижесімен жетіп, қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені 7:14.74 уақыт көрсеткішімен Жапония құрамасы иеленсе, Перу спортшылары 7:18.51 нәтижесімен күміс медальға қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Люцерндегі Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жүлдесін қоржынға салды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button