
Қазақстандық велошабандоз Денис Сергиенко Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді.
XCO дисциплинасында сынға түскен қазақстандық спортшы жарыс жолын 1 сағат 24 минут 47 секундта аяқтап, күміс медаль иеленді.
Бұл бағдарламада чемпиондық атақ жапониялық Рики Китабаясиге бұйырса, қытайлық Юань Цзиньвэй қола жүлдені жеңіп алды.
Осылайша, Денис Сергиенко Қазақстан құрамасының Ташкенттегі Азия чемпионатындағы кезекті жүлдесін қоржынға салды.
Айта кетейік, бұған дейін жастар арасындағы жарыста Юлия Ли XCC және XCO бағдарламаларында екі мәрте қола медаль жеңіп алған болатын.


