БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстандық үстел теннисшілер АҚШ-тағы United States Smash турниріне қатысады

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында үстел теннисінен маусымдағы ең беделді жарыстардың бірі – United States Smash турнирі өтеді. Халықаралық додада Қазақстан намысын екі спортшы қорғайды.

Қазақстан құрамасы сапында Кирилл Герасименко мен Зауреш Ақашева өнер көрсетеді. Олар әлемнің үздік теннисшілерімен бірге жүлделер үшін таласады.

Биылғы турнирге Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары және жүлдегерлері де қатысады. Олардың қатарында қытайлық Ван Чуцинь, Сунь Инша және Ван Маньюй, швециялық Трульс Морегард, жапониялық Томокадзу Харимото, Мива Харимото мен Хина Хаята, франциялық Феликс Лебрун, бразилиялық Уго Кальдерано және германиялық Сабина Винтер бар.

United States Smash турнирі 26 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Бұл жарыс әлемдік рейтинг үшін маңызды ұпайлар сарапқа салынатын халықаралық үстел теннисі күнтізбесіндегі ең беделді турнирлердің бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button