
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан маунтинбайктан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.
23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен жарыста қазақстандық Юлия Ли XCC дисциплинасы бойынша қола медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен ол құрлық біріншілігінің жүлдегерлері қатарына енді.
Аталған бағдарламада чемпиондық атақты Қытай өкілі Ван Тин иеленсе, күміс медаль оның отандасы Гун Сыинге бұйырды.
Осылайша, Юлия Ли Қазақстан құрамасының Ташкенттегі Азия чемпионатындағы алғашқы медалін еншіледі.
Айта кетейік, құрлық додасында Қазақстан намысын сегіз спортшы қорғап жатыр. Азия чемпионаты 27 маусымға дейін жалғасады.



