ТАЕКВОНДОТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы Altaic Cup турнирінің алғашқы күнінде 18 медаль жеңіп алды

Астанада таеквондодан халықаралық Altaic Cup турнирі басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны 18 медаль жеңіп алды.

Қазақстан қоржынына төрт алтын медаль түсті. Турнир жеңімпаздары атанған спортшылар қатарында Самирхон Абабакиров (63 келіге дейін), Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары), Айша Әділбекқызы (62 келіге дейін) және Назым Махмұтова (73 келіге дейін) бар.

Күміс жүлдені Тамирлан Тілеулес (58 келіге дейін), Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін), Айдана Құмартаева (46 келіге дейін), Нұрай Бауыржанова (49 келіге дейін), Нодира Ахмедова (53 келіге дейін) және Аяулым Асқар (67 келіге дейін) иеленді.

Қола медальдарды Баходир Шапулатов (54 келіге дейін), Мерген Ғаниев (80 келіге дейін), Бауыржан Хасенов (87 келіден жоғары), Нұрайым Жұмабек (49 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (53 келіге дейін), Аружан Найманбаева (67 келіге дейін), Нұрлы Кеңесбек (73 келіге дейін) және Ақсәуле Ерқасымова (73 келіден жоғары) жеңіп алды.

Айта кетейік, Altaic Cup халықаралық турнирі жалғасуда. 23 маусымда жарыс жолына жастар құрамаларының спортшылары шығады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button