БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Виктор Друзин мен Наргиза Болатова Әлем кубогы суперфиналының қола жүлдегерлері атанды

Қазақстан құрамасының спортшылары Виктор Друзин мен Наргиза Болатова Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден Әлем кубогы суперфиналында қола медаль жеңіп алды.

Қазақстандық дуэт аралас жұптар арасындағы еркін бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, төрешілерден 243.8800 ұпай алды. Бұл нәтиже оларға жарыстың қола жүлдесін сыйлады.

Алтын медальді Ұлыбритания өкілдері Изабель Торп пен Ранджуо Томблин 264.3033 ұпаймен жеңіп алса, күміс жүлде 244.7409 ұпай жинаған Чили спортшылары Теодоро Гарриодо мен Николас Кампосқа бұйырды.

Осылайша, Виктор Друзин Торонтодағы Әлем кубогы суперфиналындағы үшінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін ол жекелей сында еркін бағдарламада күміс, ал техникалық бағдарламада қола медаль иеленген болатын.

Қазақстан құрамасы үшін бұл әртістік жүзуден халықаралық маусымдағы кезекті табысты нәтиже болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button