ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Кристина Овчинникова беделді FBK Games турнирінде қола жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландының Хенгело қаласында өткен World Athletics Continental Tour Gold санатындағы беделді FBK Games халықаралық турнирінде жүлдегер атанды.

Биіктікке секіру сайысында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы 188 сантиметр нәтижесін тіркеп, қола медаль иеленді.

Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Елизавета Матвеева 176 сантиметр биіктікті бағындырып, жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Турнирдің жеңімпазы Украина спортшысы Ярослава Магучих болды. Ол 194 сантиметр нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Күміс жүлде Куба өкілі Дакси Аделина Брисонға бұйырды. Оның нәтижесі – 191 сантиметр.

Айта кетейік, FBK Games World Athletics Continental Tour сериясындағы ең жоғары – Gold («алтын») деңгейіндегі халықаралық жарыстардың қатарына кіреді. Қазақстандық спортшылар үшін бұл турнир әлемнің үздік жеңіл атлеттерімен күш сынасуға мүмкіндік беретін маңызды дода саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button