БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Ирина Бакалдина Азия чемпионатының чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 2026 жылғы Азия чемпионатындағы екінші жүлдесіне қол жеткізді.

Әйелдер арасындағы шпага сайысында Ирина Бакалдина алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық семсерлесуші финалда Гонконг өкілі Се Кэйлин Синь Янмен кездесіп, тартысты өткен белдесуде 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Финалға дейінгі жолда Ирина Бакалдина да мықты қарсыластарын жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда ол командалық сайыста Олимпиада жүлдегері әрі екі дүркін әлем чемпионы атанған Оңтүстік Корея спортшысы Сон Се Ранды жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы екінші медалін еншіледі. Бұған дейін ерлер арасындағы шпага сайысында Руслан Курбанов қола жүлдеге ие болған еді.

Ирина Бакалдинаның жеңісі Қазақстан құрамасының құрлық чемпионатындағы алғашқы алтын медалі болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button