
Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Шпага бағдарламасында өнер көрсеткен қазақстандық спортшы жартылай финалға дейін сәтті жетті. Финал жолдамасы үшін өткен кездесуде ол Тайбэй өкілі Жан Лимен күш сынасып, 12:15 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша Руслан Курбанов құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Жүлдеге апарар жолда қазақстандық шпагашы Иран спортшысы Али Намазиді, Сингапур өкілі Си То Цзяньтунды, Қырғызстандық Илим Бакытбек Уулуды және Қытай спортшысы Юйхань Сюйді жеңді.
Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өзге өкілдері де лайықты нәтиже көрсетті. Кирилл Проходов бесінші орынға тұрақтаса, Ерлік Сертай жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады. Ал Никита Жулинский 24-сатыға жайғасты.
Осылайша, Руслан Курбанов Қазақстан құрамасының қоржынына семсерлесуден Азия чемпионатындағы алғашқы жүлдені салды.



