Аян Бейсенбаев Астанада өткен триатлоннан Азия кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Қазақстандық триатлоншы Аян Бейсенбаев Астанада өткен Азия кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды.
Отандасымыз жарыс жолын 54 минут 5 секундта аяқтап, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол өз жанкүйерлерінің алдында халықаралық турнирдің алтын медалін жеңіп алды.
Күміс жүлдені 54 минут 8 секунд нәтижемен Тео Матри иеленсе, үшінші орынды чехиялық Радим Гребик еншіледі. Ол жарысты 54 минут 9 секундта аяқтады.
Қазақстан құрамасының өзге спортшылары да жарысты сәтті өткізді. Егор Крупяков сегізінші орынға тұрақтаса, Дарын Қонысбаев 11-нәтиже көрсетті. Темірлан Теміров 14-орын алса, Рамазан Айнегов 18-сатыға жайғасты.
Сонымен қатар Максим Шмулич 21-орын, Арлан Жаңабай 24-орын, Александр Тен 25-орын, Елмұрт Қанай 30-орын, Данил Породнов 33-орын, Александр Автушко 34-орын, Әлинәби Марабеков 35-орын және Илья Крупяков 36-орын иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы өз жерінде өткен Азия кубогы кезеңін алтын медальмен аяқтап, халықаралық жарыста тағы бір маңызды жеңіске қол жеткізді.



