БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстанның екі гимнасты Азия чемпионатының финалына жолдама алды

Қытайдың Цзуньи қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында іріктеу кезеңі аяқталып, финалистер анықталды. Қазақстан құрамасының екі спортшысы шешуші кезеңге жолдама алды.

Дмитрий Патанин еркін жаттығулар бағдарламасында сәтті өнер көрсетіп, іріктеу кезеңін төртінші нәтижемен аяқтады. Осылайша ол Азия чемпионатының финалында медаль үшін бақ сынайды.

Тағы бір қазақстандық гимнаст Дияс Тойшыбек те финалға шықты. Ол кермедегі жаттығуларда алтыншы нәтиже көрсетіп, үздік спортшылар қатарына енді.

Командалық көпсайыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 240,660 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады. Бұл сында Қытай құрамасы 254,194 ұпаймен чемпион атанды. Жапония 248,795 ұпаймен күміс медаль иеленсе, Оңтүстік Корея 242,561 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалдық жарыстары 20 және 21 маусым күндері өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер Дмитрий Патанин мен Дияс Тойшыбектің жүлде үшін таласына куә болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button