ТРЕНДТЕФУТБОЛ

Дастан Сәтпаев «Қайраттағы» соңғы матчында дубль жасап, жеңіспен қоштасты

Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында өткен кездесуде «Қайрат» өз алаңында «Қызылжарды» 3:0 есебімен жеңді. Матчтың басты кейіпкері Дастан Сәтпаев болды.

Жас шабуылшы кездесуде дубль авторы атанып, 57 және 87-минуттарда мергендік танытты. Ал 85-минутта Бекболат қарсылас қақпасына үшінші голды соқты.

Осылайша, Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын жарқын жеңіспен және екі голмен қорытындылады.

Енді қазақстандық талантты футболшы мансабын Англияда жалғастырып, Лондонның Chelsea F.C. клубының жүйесіне қосылады. Оның ауысуы қазақстандық футболдағы соңғы жылдардағы ең маңызды трансферлердің бірі саналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button