БОКСТРЕНДТЕ

Абылайхан Жүсіпов Әлем кубогының ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем кубогының екінші кезеңінде ширек финалға шықты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Жүсіпов бразилиялық Кайанос Рейспен кездесіп, тартысты айқаста жеңіске жетті. Төрешілердің екіге жарылған шешімімен (4:1) жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Осы нәтиженің арқасында Абылайхан Жүсіпов турнирдің ширек финалына жолдама алып, жүлде жолындағы күресін жалғастырады.

Ал Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі жарысты аяқтады. 60 келіге дейінгі салмақта Серік Теміржанов АҚШ боксшысы Салим Эллис Бейге есе жіберіп, турнирмен қоштасты.

80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сабыржан Аққалықов та келесі кезеңге өте алмады. Ол әлем чемпионы, Өзбекстан өкілі Жавохир Умматалиевтен жеңіліс тапты.

Осылайша, жарыстың үшінші күнінде Қазақстан құрамасы бір жеңіске қол жеткізіп, Абылайхан Жүсіповті ширек финалға шығарды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button