БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы AVC Ұлттар кубогында бақ сынайды

Волейболдан Қазақстанның ерлер құрамасы Үндістанда өтетін AVC Ұлттар кубогына қатысады. Құрлықтық додада қазақстандық волейболшылар Азияның үздік командаларымен күш сынасады.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Бұл топта Бахрейн, Аустралия, Үндістан, Тайбэй және Жаңа Зеландия құрамалары өнер көрсетеді.

Қазақстандық волейболшылар турнирдегі алғашқы кездесуін жарыс қожайыны Үндістан құрамасына қарсы өткізеді. Топтық кезеңде әр команда плей-офф жолдамасы үшін өзара бақ сынайды.

AVC Ұлттар кубогы 20 маусымда басталып, 28 маусымға дейін жалғасады. Турнир Азия құрлығындағы ұлттық құрамалар үшін маңызды жарыстардың бірі саналады.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы төртінші орынға ие болған еді. Енді ерлер құрамасы құрлықтық додада жоғары нәтиже көрсетуге тырысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button