ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатындағы үшінші медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өтіп жатқан триатлоннан Азия чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Бұл жолы ұлттық құрама қоржынына күміс медаль түсті.

U17 жас санатындағы аралас эстафета жарысында Қазақстан құрамасы екінші орын алып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Эстафетада ел намысын Гор Депершмидт, Альхам Мұрат, Калерия Шнейдер және Алуа Нұрмұхамет қорғады. Қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жарысты тұғырдың екінші сатысында аяқтады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы жүлде саны үшке жетті. Бұған дейін Рамазан Айнегов U17 санатында, ал Ясмина Бузуртанова U15 жас деңгейінде чемпион атанып, ұлттық құрама қоржынына екі алтын медаль салған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы Қытайдағы құрлық біріншілігінде табысты өнер көрсетіп, медальдар санын арттыруды жалғастыруда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button